2016 жылы 06 сәуірде «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту» ММ мекемесінде «Саран қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ –нің директоры А.Құлжанбековпен бірлескен «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы, мемлекеттік тілде іс жүргізу» атты әдістемелік семинар өткізілді. Семинар жұмысына қаламыздың жоғарғы оқу орындары, колледж, мектептердің тарих пәнінің оқытушылары, кітапхана, музей қызметкерлері қатысты.

       «Саран қаласының мемлекетітк мұрағаты» КММ –нің күн тәртібі бойынша семинардың тақырыбы: «Істер номенклатурасын қалыптастыру». Семинарға 40 адам қатысты.

      Семинар барысында «Саран қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ  Ұлттық архив қорын қалыптастыру және ведомстваларды қадағалау бөлімі басшысы М.Н.Әмірхан «Істер номенклатурасын қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқыды.

     Семинар барысында мынадай сұрақтар қойылды:
- істер номенклатурасын құруда және әзірлеудегі реті;
- істер тақырыбын құру, құжаттардың соңғы мерзімдерін анықтау және қою, тысын әзірлеу;

     Семинар барысында қойылған барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
«Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту» ММ- нің басшысы
Тәжібаева Н.С. мұрағатта  өткізген іс-шараларға белсене қатысқаны үшін Ұлттық архив қорын қалыптастыру және ведомстваларды қадағалау бөлімі басшысы Әмірхан М.Н. алғыс хатымен марапаттады.