2018 жылдың  28  ақпан  айында  Шахтинск  қаласының  мемлекеттік  архивінде «Саран  қаласының  мемлекеттік  архиві» КММ- нің  қызметкерлерімен  бірлескен   «Архивтік  анықтама  беру»  тақырыбында  дөңгелек  үстел   өткізілді. Саран  қаласының  мемлекеттік  архив  мекемесінен архив  басшысы Айдын Кулжанбеков  пен  бас  есепші Киикова  Гулсим  Косшыбайқызы,  мемлекеттік  қызмет  көрсету  бөлім  бастығы  Алексеева  Ольга  Сергеевна және  жоғары  санатты  архивист  Уалибекова  Ардак  Зейноллақызы  қатысты. Шахтинск  қаласының  басшысы  Ольга Гамалеева Васильевна  «Архивтік  анықтамаларды  беру»  мемлекеттік  қызметтің  электронды  түрде  ұсыну  туралы  түсіндіріп  өтті. Саран  қаласының  мемлекеттік архив  басшысы Айдын  Кулжанбеков   мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерін  және электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажеттілігі туралы веб-портал egov.kz.арқылы келіп түсетін  түсіндіріп  қортындылады.