2019 жылдың 15 наурызында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы-Халыққа қызмет көрсету орталығы Департаментінің Саран Қалалық  бөлімінде қызметкерлер үшін "Электрондық үкімет" веб - порталы арқылы "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқыту семинары өткізілді.

1.Ерекше назар аударыңыз, өтініш бағандарын дұрыс толтырыңыз

2.Сұраулардың аумақтылығы бойынша бағыттары түсіндірілді, ол үшін Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік архивтердің мекенжайлары ұсынылды

3.Сұратылған мәліметтерді растайтын құжаттар болған кезде көшірмелерін қоса беру

4.Архив қызметкерлерінен қиын мәселелер бойынша, қорлар бойынша кеңес алу

Одан әрі Қор тізімімен және мұрағат мекенжайларымен жұмыс істеу, өтініш жасау бойынша практикалық жұмыс жүргізілді. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторының мамандарына қызмет алушыларға өтініштерді электрондық форматта толтыруға көмек көрсету ұсынылды.

Семинар қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жалғастыру, "Электрондық үкімет"порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету үлесін ұдайы арттыру туралы шешім қабылданды.