Тарихтың тағылымы бізден ел қамын ойлар естелікті тілейді.  Н.Ә.Назарбаев

Биылғы жылы Қарағанды облысының архив қызметіне 80-жыл, Қарағанды, Шахтинск , Саран қалаларының , Абай ауданының архивтерінің құрылғанына
25 жыл толатын мерейлі жыл.
Әрбір тарихқа қатысты «Шаң басқан архивтерден табылармыз » - деген сөз, адам және қоғам өмірінің суреттерін бейнелейтін мұра болып, жылдағы - архивтің тарих – айнасының қоры болып қалады.
Өмірде бәрі өтпелі – өшпейтін, ұмытылмайтын нәрсе жоқ. Сондай кезде өшкеніңді жандыратын, ұмытқаныңды жадыңда жаңғыртып, тарихтағы әр түрлі кезеңді, әр бір тұлғаны орын - орнына қойып беруші – қойнауы құжатқа толған архив. Архив құжаттары - баға жетпес байлық, халықтың асыл қазынасы. Бүгін де, ертең де, келер ғасырларда да толыға беретін, жазыла беретін тарихтың қайнар көзі.
Архив құжатынсыз тарихтың жазылуы мүмкін емес. Ұлттық архив қоры – өмірі таусылмас, қоймасы ортаймас, тарих көшімен баяғы заманның бүгінгі дейінгі өмірдің қатпар – қатпар кезеңдеріндегі еліміздің шаруашылығын, экономикасын, тыныс – тіршілігін кең түрде айқындайтын, тарихи, мәдени ескерткіштер және жеке тұлғалардың өмірін мәңгілікке тарихта қалдыратын ұлттық тарихи мұраның көзі деп санаймыз. Келешекте бұл байлықты өз қаламыздың игілігіне айналдыруға архив қызметкерлерінің аянбай қызмет ететіндігі сөзсіз.
Архивтің тарихы қашанда тұрғылықты жерінің топырағымен байланысты. Қазақта «Кен шыққан жерді белден қаз» - дейтін сөз бар ғой. Саран өңірінің жері , суы, елі тұнып тұрған тарих, таусылмас алтын қазына.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 20 желтоқсан 1954 жылғы Қаулысымен көмірлі ауданын игеруге байланысты Саран іргесі қаланды. Бүгінгі таңда Саран қаласының аумағы 174,0 шаршы километрге тең. Қаланың тұрғындар саны – 56,6 мың адам. Бұл қалада өнеркәсіпті өндіру және химия салалары басымшылық алып отыр. Өнеркәсібі көмір өндіру мен техникалық резина және темір-бетон өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс индустриясы саласында дамыған. 1961 жылдың аяғында Саран қаласының құрамына Кіші Саран, Дубовка, Байтам, Соқыр, Саран, Ақтас елді мекендері кіреді.,
Қоғамның тарихи тәжірбиесін бейнелейтін архив құжаттарының құндылығы мен маңыздылығы ерекше. Қаламыздың өркендеп гүлденуі, қаланың қайталанбас көркін сақтау оның өркендеуіне, отбасы жастар жасөспірімдердің білім алуы, тұрғындардың денсаулығын қорғау мәселелеріне жүйелі бетбұрыс жасау болып табылады. Қазақстанда дербес архивтің пайда болуы Бөкей ордасы архивімен байланысты (18ғасыр). Қазақстандағы архив жүйесі (республика,салалық, аймақтық,тағы басқалар) негізінен 20 ғасырдың 20-30 жылдары қалыптасты.Ұлттық архив ісінің бастауында А.Байтұрсынов, С. Сейфуллин, М.Жолдыбаев сынды мәдениет қайраткерлері тұрады. Мемлекеттік архив Қазақ КСР-і Ішкі Істер халыкоматының қарамағында болды,Министрлер кеңесіне бағындырылды. Облыс, аудан архивтері жергілікті әкімшіліктерге қарады. Архив қызметінің басты бағыттары; қор жинақтау,құжаттардың сақталуын қамтамсыз ету, қор құрамын зерттеу, жүйелеу,ғылыми анықтамалар мен көрсеткіштер жасау; құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру және жария ету. Қарағанды облысы әкімшілігінің 1992 жылы 24 наурыздағы № 106/1 шешімімен 1992 жылғы 01 шілдеде жекешелендірілген кәсіпорындардың архивтері мен құжаттарын сақтау үшін Саран қалалық архиві құрылған. Содан бергі уақытта қалалық мемлекеттік архиві халыққа қалтықсыз қызмет етіп келеді.
2011 жылдың сәуір айынан бастап архивте жаңа екі бөлім ашылды:
1.Құжаттарды бақылау және ҚР ҰМҚ жинақтау бөлімі
2.Ақпараттық – анықтама бөлімі
Құжаттарды бақылау және ҚР ҰМҚ жинақтау бөлімі
: Архив ісінің- басты бағыттарының бірі архив құжаттарын БАҚ арқылы, фото, бейне, жеке тектік құжаттар арқылы көрмелер ұйымдастырып,дөңгелек үстел,кездесулер өткізуді ұйымдастырады.Сонымен қатар қор жинақтау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қор құрамын зерттеп, жүйелеу ,құжаттарды пайдаланып дайындау, құжаттаманы ресімдеп, іс жүргізушілерге әдістемелік- тәжірбиелік көмек көрсетеді.
Ақпараттық – анықтама бөлімі :Жеке және заңды тұлғалардан түсетін әлеуметтік – құқықтық,тақырыптық өтініш сұраныстарға жауап береді.Жеке және заңды тұлғаларға заңды құқықтары мен талаптарын қорғау үшін архивтік анықтамалар береді және ХҚКО мен Е- әкімдік бағдарламасы бойынша электрондық мемлекеттік қызмет көрсетеді.Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау реті туралы» Заңына сай кез – келген жанға мінсіз қызмет көрсету міндеттелген.Жылына жеке азаматтардан 2000 мыңға тарта, заңды тұлғалардан -400 ге жуық өтініш сұраныстар түседі.Бұл сұрақтарға 15 тәулік ішінде жауап береді.
Әлеуметтік - құққықтық сипаттағы өтініштерді қабылдап, сұраныстарға жауап беру - Ұлттық архив қорында сақталған құжаттарды пайдалану жұмысының негізгі бөлігін құрайды. Жыл сайын архивте қызмет жолы туралы еңбек өтілін анықтауда, еңбекақыны есептеу, марапатталғандығы, жер бөлу туралы шешімдердің көшірмесін алу мақсатында, құрылыс аясындағы жер учаскелерін белгілеуде, тұрғын үйді жекешелендіруге, екі мыңнан аса азаматтар өтініш жасайды және уақытысында орындалады. Өтініштер тек Қазақстанда ғана емес , жақын және алыс шет елдерден де түсіп жатады.
Бүгінгі таңда архивте ең көне құжаттар 1935-1948 жылдардан басталады. Барлық деректердің келешек үшін маңызы зор болғандықтан, жақсы сақтау біздің басты борышымызға айналып отыр. Архивте барлығы -230 қор жалпы - 113625 құжат сақталуда.Оның ішінде басқарушы құжаттамалар- 29752 сақтау бірлігі,жеке құрам бойынша-83622 сақтау бірлігі; жеке тектік-158, фото құжат-48,бейне құжат – 6 сақтау бірлігі сақталуда.
Архивтің құжаттарын мәдени- ағарту және насихаттық мақсатта пайдаланудың барысында: көрмелер ұйымдастырып, теле және радио хабарлар даярлап, лекция мен экскурсия өткізіп және мерзімді басылымдарда мақалалар жариялап, түрлі құжаттық көрме ұйымдастыру болып табылады
Қазіргі кезде «Архив қызметінің ардагерлері» - атты және Саран қаласының архивінің 25 жылдығына арналған «Туған өлке тарихы, кеше және бүгін» - атты деректерімен стенд жасалуда. Стендіні ұйымдастырудағы мақсат- қаланың тарихына байланысты түпнұсқа негізіндегі көптеген деректерді жинау, яғни құжаттар арқылы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жерлестерінің ерліктерімен таныстыру, тың игеру, қала тарихына қатысты; қаланың құрылуына, ауылшаруашылық, білім беру,денсаулық сақтау және мәдениет салаларының дамуына елеулі үлес қосқан еңбек ардагерлері туралы, кеншілер, зауыттар, жеке кәсіпорындар мен кәсіпорындар туралы мәліметтермен жас ұрпақтарды ақпараттық байыту, тарих болып қалады.
Қазіргі қоғам үшін архивтің маңызы артып келеді.
Архив құжаттары тарихи дерек ретінде Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуына тигізер әсері мол. Қазіргі кезде архивте қаламыздың 1941 -1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына және қатысушылар- Сарандықтар» жеке тектік құжаттар коллекциялары сақтаулы. Атап айтқанда
Исенов Машраб Исенұлы, Қожанов Жанғали Тәттиғалиұлы, Қарпықов Қарабай Жұманұлы, сонымен қатар, қаламыздың мақтаныштары, фото құжат ретінде жер топырағымен, ел азаматы киелі демекші, бұл өңір- шын мәнінде тектілер мекені болғандықтан қала мақтаныштары - Қ.Ә.Әбікенов, И.В.Блат, Н.А.Дридж, Б.Е.Ешмағанбетов, М.Шаймарданов, В.П.Зименок, А.И.Куленко, сияқты еңбек ерлерінің құжаттары сақтаулы. Сонымен қатар, тың тыңайған жерлерді игеруші - Клюшникова Галина Александрованың қоры мұрағатқа өткізілуде.
Архив жұмысында мемлекеттік тілді кеңінен қолдауда, тілдік ортаны қалыптастыруға жете көңіл бөлінген. Құжаттандыру ісін жетілдіру мақсатында архившілер мекемелер мен кәсіпорындарға әдістемелік көмек көрсетіп
оты­рады. Қала тіршілігіне, қоғамдық өмірге бел­сене атсалысады. Салтанатты шараларда, сен­біліктерде, мерекелерде үнемі алдыңғы қа­тарда жүреді. Мұндай ұжыммен еңбек ету, қыз­меттес болу кез келген адам үшін баға жетпес құрмет екендігі анық.
Жалпы архив қызметі Елбасының қазақстан халықы алдында қойған міндеттерін жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді.Осы 25 жылдың ішінде біздің тарихымызды сақтау және қалпына келтіру бойынша үлкен моралдық жауапкершілікті сезінетін, өз ісін білетін архив қызметкерлерінің қосқан үлесі баршылық атап айтсақ бас есепші Г.К.Киикова, архивте өз ісіне берілген Уалибекова А.З, Әмірхан М.Н, .А. Аскеева, О.С. Алексеева, Қайырбек А.А, Құрманалина Ж.К,Томашева А.С,
Н.В. Морозова, Ж.К. Темірбекова, Г.С.Мурзагожина сияқты мамандар жұмыс істейді.Біз олардың адалдықтарын бір беткейлігін және еңбекке деген шығармашылық қарым – қатынасын бағалаймыз.
Архив толықтай техникалық – құрал жабдықтармен және компьютер, интернет желісімен жабдықталған. Ұлттық архив қор туралы Заңдылыққа сәйкес құжаттардың қалыпты сақталуын қамтамасыз ету, оны пайдалану кезінде тозуына, бара-бара жарамсыздыққа ұшырауына жол бермеу-архив ісінің басты өлшемі. Бүгінде әлем-экономикалық іргетасы бекіген еліміз халықаралық қоғамдастықты қайран қалдыратын қадамдар жасауда. Оған жарқын мысал күне кеше «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесін өткізу құқығын жеңіп алуымыз болып табылады. Көрмені өткізудің және кең танытудың бірыңғай тұжырымдамасында қоршаған ортаны қорғау –көрме телімінде «жасыл экономиканаң» барлық нысандарын жетілген электр желілерінің жаңғыртылған энергия көздері бар ғимарат салу, «Болашақтың энергиясы » тақырыбында сәйкес келетін өзгеде маңызды элементтермен және электромобильдермен жабдықтау көзделіп отырғанын ,сонда «жасыл » энергетиканы қолданыуда толық қол жеткізілетінін Ел басы атап көрсеткен еді. «Елу жылда- ел жаңа» деген белгілі мақалды жақандандыру үрдістері белең алып бара жатқан заманымызға сай сәл өзгертіп айтсақ , «Жарты ғасырда –жаһан жаңа» деуге болады.Шынында да,біз Әлемді таныдық ,Әлем бізді –тәуелсіз Қазақстанды таныды. Міне,осы еліміздегі,әлемдегі үлкен өзгерістер жылнамасы мен шешіресі архивтерден өздерінің лайықты орындарын алуға тиісті.Сондықтан архив саласындағы жұмыс жаңа салаға ие болуы үшін көптеген шаралар қолданылуда.Алда әлі де атқарылар іс шаралар ауқымы кең әрі үлкен.
Бұл ж
азылған жүрек жарды ойлар, пікірлер келешек тарихтың бетінен орын алуға лайық деп айта аламын.
Ғасырға таяу тарихы бар қаламыздың халқымызға берері әліде ұшан теңіз.
Сөз соңында, облыстық, қалалық архивтердің барлық қызметкерлерін мерейтойларымен құттықтап, ақ тілегімді білдіргім келеді. Өмірлеріңіз мәнді, еңбектеріңіз жемісті болсын, әріптестер..!

Архив басшысы
Айдын Кулжанбеков
2017 жылғы