ЕШМАҒАМБЕТОВ БОЛАТ ЕШМАҒАМБЕТҰЛЫ

Ешмағамбетов Болат Ешмағамбетұлы 1934 жылы 23 ақпан айында Көкшетау облысы, Рузан ауданы, Жаманшұбар ауылында шаруа отбасында туған. 1953 жылғы Қарағанды политехникалық институтына оқуға түсіп, айтылған институтты 1958 жылда бітіріп, инженер электормеханик мамандығын алады. 1958 жылғы институт жолдамасымен «Ленинкөмір» тресінің №19 шахтасына жұмысқа түседі.
1960 жылғы «Қарағандыкөмір» комбинатының бұйрығымен №101 шахтасына, кейіннен «Соқыр» шахтасына тау-кен құралдарын автоматизациялау және механизацияландыру инженері болып  ауысады. Осы  шахтада  автоматизацияландыру инженері, бөлімінің механигі, бас механиктің орынбасары, шахта кәсіподағының төрағасы  болып  жұмыс  істейді. 1973 жылғы Саран қалалық халық депутатынның атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары болып сайланады. Осы жұмыста 17 жылдан астам уақыт қызмет атқарады және 1991 жылы «Соқыр» шахтысының  директорының  көмекшісі  қызметіне  ауыстырлады.
1996 жылғы  Саран  қаласы  әкімінің  кеңесшісі қызметіне  ауысады. 1999 жылғы  Саран қалалық Мәслихатының депутаты болып сайланады және 1 сессияда қалалық мәслихат  хатшысы болып тағайындалады. 2003 жылы үшінші шақырылымның қайтадан депутат және Саран қалалық мәслихатының  хатшысы  болып  сайланады.
«Құрмет белгісі» орденімен, 1 және 2 дәрежелі «Шахтер ерлігі» белгісімен «Еңбек озаты үшін», «Еңбек ардагері», министрліктер мен ведомстволардың құрмет грамоталарымен марапатталды.
Қажырлы еңбегі үшін«Ерен енбегi үшiн» медалімен марапатталды.
«Қазақстан Республикасы Парламентiне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының  Тәуелсiздiгiне 10 жыл», «Қазақстан  Республикасының  Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалдарымен марапатталды.
Үйленген, балалары және немерелері бар.

 


ЖАКЕНОВ ҚАБЫШ ЖӘКЕНҰЛЫ

1909 жылы Ақмола облысының Ерейментау ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1932 жылы жүргізуші, кейін механик болып бастаған.1936 жылдан 1941 жылға дейінгі аралықта Қарағанды облысы жер комитетінің мамандар бөлімінде жауапты басшылық қызметін, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған.
Әскер қатарына 1941 жылы шілде айында шақыртылады.Өзінің майдандық жолы екінші Украина майданында Кеңес Одағының маршалы Р.Малиновскиге қараған Кутузов атындағы айырықша тапсырмадағы 30- гвардиялық механикаландырылған дивизия құрамында өтті.Қ.Жәкенов алғашында взводты , кейін барлаушылар полкін басқарды.
Қабыш Жәкенұлы Сталинград түбіндегі шайқасқа, Румыния, Венгрия, Австрия, Чехославакияны азат етуге және фашистерді Берлинде – Рейхстагта тас – талқан етіп жеңуге қатысқан.Майдан жолын Эльбада одақтас әскерлермен кездесуге аяқтайды. Туған елге оралуда Польша шекарасын власовтықтардан тазартуға қатысады.
Қабыш Жәкенов – Саран қаласының байырғы тұрғыны. 30 жылдан астам уақыт «Қарағандыкөмір» комбинаты автобазасын басқарған.
«Қызыл Жұлдыз» орденімен және Вена, Прага, Берлинді азат етуге қатысқаны үшін медальдарымен марапатталған.
Қабыш Жәкенұлы еңбек жолында «Құрмет белгісі» орденіне және медальдарға ие болған.


ИСЕНОВ МАШРАБ ИСЕНҰЛЫ


1920 жылы Қарағанды облысында туған. Кешкі комсомол мектебінің оныншы сыныбын аяқтап, Машраб Исенұлы тау – кен шеберінің курсына түседі, «Кировкөмір» тресінің 12- шахтасында слесарь болып жұмыс істейді.
Ол соғыста Сталинград түбінде болған. Машраб Исенұлы Сталинград түбінде және Курск доғасында аңызға айналған шайқастың қатысушысы болады.
Осы шайқаста ол екі рет ауыр жарақат алады. Сталинград түбінде оқтың жарқыншағы оның сол аяғының жіліншігін тесіп өтеді. Кейін госпитальда емделгеннен кейін ол 270-дивизяның атқыштар батальонының біріне саяси жетекші – комбат лауазымын атқаруға жиналады. Бір күні ол егде әйелдің картоп салып жатқанын және оған көмектесетін ешкімнің жоғын көреді. Аға лейтенант Исенов қасына екі сарбазды ертіп күн батқанша картопты салып шығады.
Қарт әйел қатты ризашылығын білдіріп: «Өз ұлдарымды көргендей болдым» - дейді. Ал таңертең Машраб майданға аттанып кетеді.

Кейін Курск шайқасында кеудесінен ауыр жарақат алады. Госпитальға оны сол егде жастағы әйел іздеп келеді. Осы кездесу үшін , Машрабты ана болып қолдау, оны үйдің тамағымен тамақтандыру үшін ол жаяу 100 киллометрді еңсерген. Жылдар өткен соң , Машраб Исенович осы кездейсоқ оқиғаны соғыс кезіндегі ең жарқын сәт болып еске алады.

Курскінің түбінде жараланғаннан кейін Машраб Исенов әрі қарай әскери қызметке жарамсыз деп танылады. Әскери қызметтен босатылады. 1944 жылы үйіне қайтады.Жараларының зардабына қарамастан, кенші кәсібіне қайта оралады. 1956 жылы «Саран» кенінің саяси ұйымдастырушысы болып тағайындалды және осы жылы Саранға көшіп келді.

Исенов Машраб Исенұлы «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» Курск доғасындағы шайқасқа қатысқаны үшін» медальдарымен ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталған.

КАРПИКОВ ҚАРАБАЙ ЖҰМАНҰЛЫ

Ақмола облысының, Ақмола ауданы, Жапақ ауылында 1922 жылы
27 желтоқсанда туған.1938 жылы жеті жылдық мектепті бітіреді. Соғысты І атты әскери полкінде минометші болып бастаған. Алты ай дайындықтан өтіп, 1942 жылы 20 наурызда Украин майданына аттанды. Полк Лозовая станциясына келгеннен – ақ, бомбалау басталады. Шегінуге мұқтаж болады. Бір аптадан кейін полк таратылады. Содан соң Қарабай Карпиков маршал Тимошенко басшылық еткен 18-дивизяға түседі. «Біресе шегініп, біресе алға жүрдік. Варшаваға қарай бет алдық. 1945 жылы 6 мамырда Прагаға қарай жақындадық. Қантөгіс ұрыстың барысында қаланы босаттық» - деп Қарабай Жұманұлы еске алады. Жеңістен кейін дивизияны Жапоняға жібереді, бірақ жолды Ленинградқа қарай бұрады. Ол жақта Суярск зауытында тұтқындарды күзетуге қояды. Қарабай Карпиков 1946 жылы әскерден қайтып Қарағандыға келеді. Осында көмір өнеркәсібінде көп жылдар бойы қызмет етеді.Қарабай Жұманұлы жоғары мадақтамалар - Отан соғысының І дәрежелі орденімен, маршал Жуков медалімен, «Соғыс ардагері» белгісімен, марапатталған.

 

 

ҚОЖАНОВ ЖАНҒАЛИ ТӘТТІҒАЛИҰЛЫ

Қожанов Жанғали Тәттіғалиұлы 1942-1945 жылдары майданда болған. Барлаушылар ротасының құрамында әскери жолын Ржевтан Кенигсбергке дейін 153- Қызылтулы ІІ- дәрежелі Кутузов орденді Смоленск атқыштар дивизиясының құрамында жалғастырды. Бірнеше мәрте жараланған сержант. Қожанов Беллоруссияны , Полшадағы Августов қаласын азат ету кезіндегі ерлігі және қаһармандығы үшін «Қызыл Жұлдыз», ІІІ-дәрежелі Даңқ ордені, Отан соғысы ордендерімен, «Үздік барлаушы» құрмет белгісімен, «Біздің ісіміз әділ, біз жеңеміз» медалімен марапатталған. Жанғали Қожанов жараланғаннан кейін 1944 жылы желтоқсан айында Шығыс Пруссияның Граево жерінде бірнеше ай госпитальда жатты. Сол жақ аяғын кескендіктен, Горький қаласында госпитальда ұзақ жатты. Жанғали Қожанов 1945 жылдың 9 мамыры – Жеңіс күнін госпитальда қарсы алды.
1961 жылы Саран қаласына көшіп келеді. Көптеген жылдар бойы қаржы органдарында қызмет атқарған.

Саран қалалық мәслихатының 1996 жылғы ХІІІ сессиясының шешіміміен, Қожановқа Саран қаласының Құрметті атағы берілді.

 


ЛЫСЯК АЛЕКСЕЙ ДМИТРИЕВИЧ

1926 жылы 21 қыркүйекте Амур облысы, Кагановическ ауданы, Климовка ауылында туған. Соғысқа дейін Петропавловскінің түбінде «Жаңа жол» колхозында дала бригадасында есепші болып жұмыс істеген. 1943 жылы Алексей Дмитриевич әскерге шақыртылды. І Украина майданында соғыс машинасы мен танк әскерлерінің командирі болады.
А.Д.Лысяк Корсунь – Шевченковск жауынгерлік операциясының қатысушысы болған, Славута қаласының түбіндегі лагерден әскери тұтқынданрды босатуға қатысқан. 1944 жылы наурызда жарақат алып, Житомир облысы Барановск ауданының Дубровка қаласына госпитальға емделуге жіберіледі. Госпиьтальдан кейін Алексей Дмитриевич сауықтыру баталонында болады, сол жерде көптен күткен жеңісті қарсы алады. Үйге бірден оралмай ,1949 жылға дейін Кенигсберг қаласында қызмет етеді.
1956 жылы Саранға келеді, ауылшаруашылығы училищесінде саяси бөлім бойынша директордың орынбасары, одан кейін Саран шахталарында, РТБ зауытында «Қарағандыкөмір» ӨБ МТЖБ базасында жұмыс істеп, зейнеткерлікке шығады.

Жауынгерлік еңбегі үшін Алексей Дмитриевич «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін»,1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медалдарымен, «Маршал Жуков» медалімен , Жеңістің мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Алексей Дмитриевич Қазақстан Республикасының астанасы – Астанада 2 – мерейтойлық парадтың (Жеңістің 60 жылдығына және 65 жылдығына арналған) қатысушысы болып табылады.