Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде мемлекет басшысының 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығымен жыл сайынғы Еңбек күні мерекесі жарияланып, ол қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілмек.
Шынымен де, еңбек адамдарына деген құрмет қай қоғамда да ерекше болуы тиіс. Елбасының ойы – халық болып жұмыла еңбек ету және ел үшін еңбек еткен адамдарға лайықты құр­мет көрсету. Еңбек құрметтілерін насихаттап, баспасөзге жазу, мемлекет және қоғам тарапынан лайықты баға­сын беріп, марапаттап отыру – өрке­ниетті елдердің озық дәстүрі. Алдағы уақытта осы жағына баса мән берілуі керек деп есептеймін. Жас ұрпақты тәрбиелеуде мұның маңызы өте зор.
Абай атамыздың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қанатты сөзі бүгінгі заманда да өзекті болып отыр. Адам үшін барлық игілік тек қана еңбекпен келеді. Еңбек еткен адамның барлық жағдайы болады.
Айталық, «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ –сі 1992 жылдың 01 маусым айында құрылған болатын.
Білікті маман – білімді басшы- демекші, б
ірнеше жылғы жетістіктерінің арқасында, бүгінде қаламыздағы архив саласында – Айдын Кулжанбеков 2012 жылдың 02 сәуір айынан бастап басшылық міндетін атқарып келеді.
Ол кішіпейілділік пен адамгершілігін  қатар алып жүрген білікті басшы.
Осыған орай, мекеменің материалдық-техникалық жағдайы жылдан-жылға жақсаруда, заманауй даму үстіндегі кезеңін, өзгергенді – көз көргендер – архив ұжымы Айдын Кулжанбековтың өз қызметіне адал, лайықты, жоғары білікті еңбегін бағалаймыз.
Бұл кісі Саран қаласының архив қызметін басқару тізгінін ұстағалы бері, архив қызметінің беделі айтарлықтай өсті, облыстық рейтингі бойынша – 5 – ші орынды иеленді, өзін сауатты басшы ретінде көрсете білді. Аталмыш тұлға қаланың қоғамдық өміріне баға жетпес үлес қосты. Қалалық архив қызметін жоғары кәсіби деңгейде көтере білген, сондай – ақ әр іске шығармашылық түрде қарайтын, кәсібіне шынайы берілген, білім өресі биік архив қызметкерлерін, яғни, шәкірттерін - шыңға бастаған тәжірбиелі, темірдей қатал тәртібімен, шыңдап дайындаған - басшы.
Архив саласы – көненің көзін зерттеу үшін кім де болса да, архивтерде сақталған деректерге сүйенетіндігі белгілі. Архив – халық шежіресі, өткен өмірдің деректі ескерткіші, яғни- архившілер-тарихты сақтаушылар. Өмірде бәрі өтпелі, ұмтылмайтын нәрсе жоқ. Сондайда өшкеніңді жандыратын, ұмытқаныңды жадыңда жаңғыртып, тарихтағы әр – түрлі кезеңді, әр бір тұлғаны орын – орынына қойып беруші – қойнауы құжатқа толған- архив. Архив құжаттары – баға жетпес байлық, халықтың асыл қазынасы. Бүгінде, ертеңде, келер ғасырларды жазыла беретін тарихтың қайнар көзі – деп осы нақыл сөздерді үнемі ұстанымға алады.
Архив қоймасында шаң басқан сөрелерде былайғы жұрт біле бермейтін, 229 қор, 113585 құжат сақталуда, сан ғасырлардың, яғни адам және қоғам өмірін бейнелейтін ата – бабалар шежіресін дәріптейтін, туған өлкемізге қатысты қаншама бай құжаттарымыздың қорлары жатыр. Айдын Кулжанбеков- 2011 жылдың сәуір айынан бастап директордың орынбасары қызметін атқарып жүргенде архив саласына 2 бөлім ашқан.
1) ҰАҚ қалыптастыру және ведомстваларды қадағалау бөлімі
2) Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі.
Қазіргі таңда архивте халыққа қызмет көрсету деңгейі өте жоғары. Осыған орай білікті басшы уақытпен санаспай еңбектенген күндер көп болды. Бұрын – соңды болмаған 2012 жылдан бастап, бейне және фото, жеке тектік қорлар «Ұлы Отан соғысына қатысушылар -Сарандықтар», яғни, Ұлы отан соғысына қатысқан ардагерлердің - соғыста қаза болған ата-бабаларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтау, олардың рухына бас иу, соғыс, еңбек ардагерлерінің құжаттарына, газет материалдарына қарап өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, ал ең бастысы қазақ жерінде бейбітшілік пен ауыз бірлігімізді сақтау біздің, әр-бір қазақ азаматының адамгершілік, азаматтық борышы болмақ.Сонымен қатар, «Саран қаласының – Құрметті азаматтары» коллекцияларын,яғни «Құрметті азамат» атағын алған азаматтардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосқан тұлғалар. Қазір олар бейнетті еңбегінің зейнетін көріп отырған еңбек ардагерлері
мысалы: Болат Ешмағанбетов сияқты еңбек ардагерлердің қорларын ашты.
Жеке тектік құжаттарды жеке тұлғалардың өмірі және қызметі барысында түзіліп, мемлекеттік сақтауға түскен жеке тектік қорлар, архивтік коллекциялар мен дербес жиынтықтарды құрайды.Жеке қор адамның айшықты ғұмыры және қызметі барысында құралған құжаттардан тұрады. Мұндай қорлар қорды құрушының өмір сүрген уақытын сезінуге және оны тереңірек түсінуге дәнекерлік ететін бірден – бір тарихи мәлімет көзі болып табылады.
Соңғы бес жылда әлеуметтік – құқықтық сұраныстардың өсуі байқалуда..Әлеуметтік сұраныстар түрлі бағытта келеді, мысалы, еңбек өтілін, тұрғылықты жерін, еңбек ақысын, балалар үйінде болғанын растау туралы сұраныстар жиі түседі. Барлық келіп түскен сұраныстар Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына сәйкес, «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша жүргізіледі.Қазіргі таңда электрондық пошта арқылы халықтың сұраныстарын қабылдау жүзеге асырыла бастады.
2012 жылдан бастап архивтер компьютерлермен, кеңсе техникаларымен тұрақты жабдықтала бастады.Архив жұмысында мемлекеттік тілді қолдану, тілдік ортаны қалыптастыруға жете көңіл бөлінген. Биылғы жылы мекемемізге арнайы arhivsaran.kz сайты ашылды.
Елеулі еңбек қашанда ескерусіз қалмайды
Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрінің ақпарат және мұрағат комитетінің мұрағат саласында жемісті еңбегі үшін белсенді қоғамдық жұмысы үшін және Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Құрмет грамотасымен және «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облысы филиалынан Алғыс хатымен бірнеше мәрте марапатталды.
Ол Астана қаласының Ұлттық архив қорына тәжірбие алмасу мәселелері бойынша және көптеген қалалық, аймақтық конфренциялар, жиналыстар, семинар – кеңестерге қатысты.
Құжаттандыру ісін жетілдіру мақсатында Саран қаласының іс жүргізушілеріне ведомстваларында тәжірбиелік семинарлар, құжаттармен барлық бағыттағы жұмысты тексеріп, мекеме мен кәсіпорындарға тәжірбиелік және әдістемелік көмек
көрсетіледі.Архив қызметкерлері жыл сайынғы жоспар бойынша «Саран газеті»-газетіне мақалалар жариялап отырады. Әр жыл сайын 1 – қазан қарттар күніне,
біздің басшының ұйымдастыруымен қарттарымызға құрмет көр­сетіп, құттықтаумен бірге, ардагерлерімізге жан-жақты қолдау мен ыстық ықыласқа толы алғыс сезімін білдіреді, яғни олар өздеріне деген шынайы қамқорлықты сезінуі қажет. Қазақ халқының ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашанда үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсету десек, бұл игі дәстүр лайым жалғасын таба берсін.
Басшының - өмір сүріп отырған қоғамда өз орнын анықтау барысында елмен сыйласып, ұрпақ тәрбиелеп, мәнді өмір сүруді әріптестеріне көрсете білді.
Өз кәсібіне шынайы берілген, шыңдалған, білімді архившілерді мақтанышпен айтуға болады.Олардың қатарында Киикова Г.К., Темирбекова Ж.К., Морозова Н.В.,Әмірхан М.Н., Алексеева О.С., Құрманалина Ж.К., Аскеева А.А., Қайырбек А.А., Томашева А.С., Мурзагожина Г.С., А.З.Уалибековалардың есімдері ерекше айтылады.
Мойнымызға артылған іске біріншіден, қызығушылықпен, жанашырлықпен кіріссек,еңбегін емгеннің есесі түгел.Әркім өзінің игілігіне қарай еңбек етсін, сонда мемлекеттің де игілігі артады.
Өмірлік тәжірибесі, тәлім-тағылымы көпке үлгі боларлық басшының ізі мәңгілік деп санаймын.




«Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ –нің
жоғарғы санатты архившісі А.З.Уалибекова