« Ешкім де ұмытылмайды, Ешнәрсе де ұмыт қалмайды»


Жер бетін тып - типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан қаһарлы зұлмат – соғыс туралы жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс – уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап. Міне, биыл Жеңістің 72 жылдығын қарсы алғалы отырмыз. Біз, келешек ұрпақ, осыншалық жақсылыққа қалай кенеліп отырғанымызды, осынау дәрежеге қалайша жеткенімізді, бұл жеңістің қандай қиындықпен келгенін білеміз.
      «Саран қаласының мемлекеттік архиві » коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1941-1945 жылдардағы  Ұлы Отан соғысына қатысқан біздің жерлестеріміздің ерліктеріне айғақ болатын көптеген құжаттарды сақтап отыр.
      Саран қаласының  азаматтары   Жәкенов Қабыш Жәкенұлы, Исенов Машраб Исенұлы, Қожанов Жанғали Тәттіғалиұлы, Қарпықов Қарабай Жұманұлы,.Лысяк Алексей Дметриевич Ұлы Отан соғысы жылдарында қолдарына қару алып Кеңестік Отанды қорғауға қатысып КСРО-ның ордендері мен медальдарының иегері болды, сондай-ақ, соғыстан кейінгі Қазақстанның дамуына орасан зор еңбек сіңірген ардагерлердің құжаттары да сақталған.

Жанғали Тәттіғали Қожанов1924 жылы туған. Тәттіғали Қожанов болса  бірінші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты , ойранды 1938-1939 жылдары Қазақ ҚСР жер халық комиссиары, ал оның алдында Алматы облыстық Кеңес атқару комитетінің төрағасы болып және басқа жауапты партия, кеңес қызметтерінде  істеген, Қазақстандағы социалистік құрлысқа белсене қатысушы,1920 жылдан Коммунистік партиясының мүшесі еді. Белоруссия жерін поляк қаласы Августованы азат ету үшін болған қанды шайқастарда көрсеткен көзсіз ерлігі мен тапқырлығы үшін үшінші дәрежелі «Даңқ орденімен», Қызыл Жұлдыз орденімен марапаталған.

Қарпықов Қарабай Жұманұлы -1922 жылы 27 желтоқсанда Ақмола облысы,Ақмола ауданы, Жапақ ауылында дүниеге келген. 1946 жылы Қарағанды қаласына келіп, көп жылдар бойы көмір өндірісінде жұмыс істейді,1972 жылы 107 шахтадан зейнетке шығады.
     Қарабай Жұманұлы І –дәрежелі Ұлы Отан соғысын.ың орденіне, маршал Жуковтың медаліне, соғыс ардагері белгісіне, ие болады.
    Соңғы жылдары Қ.Қарпықов  патриоттағы, белсенді өмір ұстанымы, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде көмек көрсеткені үшін қала әкімінің бірнеше мәрте алғысына ие болған.

Лысяк Алексей Дмитриевич 1926 жылы 26 қыркүйек айында Сырдария  облысы, Қаған ауданы, Клинов селосында туған. 1943 жылы әскер қатарына шақыртылады. Соғыс ерлігінде Алексей Дмитриевич Ұлы Отан соғысының 2 дәрежелі «Соғыс ардагері» орденімен, 1941-1945жж Ұлы Отан соғысының Германияны Жеңгені үшін», «Еңбек ерлігі», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалімен, т.б. мараппаталған.

  Соғыста қаза болған ата-бабаларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтау, олардың рухына тағзым ету, соғыс және еңбек ардагерлерінің құжаттарына, газет материалдарына қарап өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу. Ал ең бастысы қазақ жерінде бейбітшілік пен ауыз бірлігімізді сақтау біздің, әрбір қазақ азаматының адамгершілік, азаматтық борышы.


      

Ұлттық архив қорын қалыптастыру және ведомстваларды қадағалау бөлімінің басшысы

Әмірхан Мөлдір Нұрахметқызы