1920 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында  шаруа отбасында дүниеге келген.  Еңбек жолын 1936 жылы  № 12 темір ұстасының оқушысы  болып бастаған.
        1942 жылы 20 мамырда Қызыл Армия қатарына алынады. Қосымша полкте 10 карантинде  болған. Одан әрі Сталинградқа жіберіледі.
        Алғашында  минометші, одан кейін  24 Армия қатарына  құрамына атқыш девизиясына 273- жаяу әскерге ауыстырады. Сталинград  шайқасына қатысқаны үшін Қызыл Жұлдыз орденімен  және Сталинград   қорғаны  медалімен марапатталады. Сондай – ақ 13 медальдің, 6 мерейлі мерекелер белгісінің иегері. Жаяу әскерлер командирлерін саяси жетекшілерді ұрысқа даярлау курсын аяқтаған. Отставкадағы офицер.
      «Қарағанды көмір жүйесінде» 30 жыл еңбек етті. 5 жыл геолог болды.
Оның ішінде 17 жыл қоғамдық партиялық кәсіподақ комитеттеріндде болды.
      1956 жылы Саран шахтасында – парторг қызметін атқарды. Облыстық партия комитеті «Дубовская» шахтасында кәсіподақ комитетінің төрағаларына жерасты шебері қызметінеауыстырады. № 12 шахтаның жұмыс жоспарын орындағаын үшін  - Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен әскери бөлімінің коммунистік жастар Одағы кәсіподағы атынан марапатталды. КСРО Президенті М.С.Гарбочовтың Жарлығымен берілген Қызыл Жұлдыз орденімен, СССР Кеңесі Жоғарғы Президиумының Жарлығымен берілген «Еңбек ардагері» мерекелік медальімен марапатталған. Білімі: комсомол жастар кешкі мектебін 9-класын бітірген. Кейін жерасты- шеберлерін, жерасты механиктерін  даярлау курсын аяқтаған.СОКП ОК курстарын аяқтады. Қарағанды қалалық кеңесінде депутаттыққа сайланады. Кеңес Одағы коммунистік партиясы қатарында 50 жылдан астам еңбек етті. СОКП мерейлі белгісімен марапатталды. Қарағанды  облысы Киев ауданы депутаттығына  екі рет сайланған. 1970 жылы зейнеткерлікке шықты. Үйленген 7 баласы бар.     
      Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымыздың мәңгі есте сақтаймыз!
      Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!
    Адамзат баласының тарихында бұрын - сонды  болмаған қасірет – Ұлы Отан соғысының  аяқталғанына биыл 70 жыл толды. Бір кезде Кеңестер Одағының құрамында болған Қазақстанның халқы да неміс – фашист басқыншыларына қарсы жан аямай соғысып ,ерліктің тамаша үлгілерін көрсеткені белгілі.
Ұлы Отан соғысы ең ауыр, әрі қантөгісті соғыс болды, өзінің талқандау күші мен ұрыс қимылдарының ауқымы жағынан адамзат тарихында теңдесі жоқ соғыс болды.
      Соғыстың аты соғыс. Сұм соғыс біреуді жесір етті, біреуді жетім етті.  Балалығы сұрапыл соғыспен қатар келеген біздің бүгінгі ата- әжелеріміз сол уақытта ерте есейген еді. Ойын баласына бейнет күнді айырбастайтын күн туды. Жастарына қарамай соғысқа аттанған кәрілер, енді-енді өмір сүріп келе жатқан жас қыздар, ұлдар «Жауға аттан!» деген ұранмен алға басқан.
     Соғыс  төрт жылға созылды. Осы төрт жылдың ішінде талай адам, талай өмір, талай қан төгілді. Ел үшін, жер үшін, Отан үшін, болашақ ұрпақ үшін, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ұлтына дініне қарамастан бүкіл халық оны қорғауға аттанып, қан төгіп, қасірет шекті. Олрадың Отанына, жеріне, еліне деген патриоттық сезімін оятты. Сол күн туған кезде Отан үшін неміс басқыншыларына  қарсы қолдарына қару алып майданға аттанған жауынгерлердің бір миллион үш жүз алпыс алты мыңы Қазақстаныдық жауынгерлер болды.  Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ халқының азаматтары атақ-даңқын өшпестей қылып тарих бетінде қалдырды.
Батырлар елдің – ажары.Ұлы Жеңіске 70 жыл! Соншама жыл өтсе де ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмады, ұмытылмай­тынын да дәлелдеп отыр. Өйткені, сұрапыл соғыста жауынгерлер Жеңіс сағатын минуттап күтті. Сол қасиетті жолда қаншама боздақтар қыршынынан қиылды, қаншама отбасы ойран болды. Бүгінгі мере­кенің құндылығы мен қымбаттығы осыдан. Демек, боздақтардың бақытты өмір үшін төккен терлері, аққан қандары бекер кетпеді. Сенімдері мен үміттері ақталды. Олар өз иық­тары­нан түскен ауырт­па­лықтың бәрін абыроймен жеңе білді. Бү­гін­гі соғыс­ты көрген, басынан өт­кер­ген жандар жайлы бұдан асыра айту мүмкін емес.