2018 жылы 28 ақпан айында Шахтинск қаласында Саран қаласы және Шахтинск қаласының архив қызметкерлері мен басшыларының бірлескен «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шахтинск қаласының архив басшысы О.Гамалеева электрондық түрде: «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы тоқталды. Электрондық түрде өтініш беру туралы қадамдық әрекеттерді егжей- тегжейлі көрсетті.


Саран қаласының архив басшысы А.Кулжанбеков кездесу барысында бұл іс – шараның мақсаты еgov.kz. веб –портал арқылы түскен болымсыз, профильді емес сұраныстарға қортынды жасау (ЭЦҚ) электрондық цифрлық қолтаңбаны алу қажеттілігі туралы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесін талқылау екендігін түсіндірді.