2018 жылғы 12 наурыз айында Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы КММ – сі және «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ –мен бірлескен «Латын әліпбиіне көшу рухани жаңғыру талабы» атты семинары өткізілді. Семинарға қазақ тілі мұғалімдері мен студенттер қатысты.
Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ –нің күн тәртібі бойынша семинардың тақырыбы: «Жаңа әліпби ұлы дәуір бастауы»

 

Семинар барысында «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ-нің ҰАҚ қалыптастыру және ведомстваларды қадағалау бөлім басшысының міндетін атқарушы А.А.Қайырбек «Жаңа әліпби ұлы дәуір бастауы» тақырыбында баяндама оқыды. Семинарға 20 адам қатысты.


«Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ-нің мамандары 1935-1940 жылдар аралығындағы архивте сақтауда тұрған латын қаріпінде жазылған құжаттардың түпнұсқаларымен көрме ұйымдастырды. Семинарға қатысушылар осы құжаттармен танысып қазіргі жаңа әліпбимен салыстыра отырып өз ойларын ортаға салып сұқбаттасты.



 

Семинарға қатысушылар белсенді ат салысып, латын қарпіне көшу бойынша оң көзқарастарын білдірді. Семинар соңында өзара пікір алмасып, өз ойларын айтты.
Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы КММ – нің басшысы Г.Шакенова семинарды қортындылап осы семинарды ұйымдастыруға және өткізуге ат салысқан ҰАҚ қалыптастыру және ведомстваларды қадағалау бөлім басшысының міндетін атқарушы А.А.Қайырбек жоғарғы санатты архивші А.З.Уалибековаға алғыс хаттарын табыстады.