2018 жылдың 11 мамыр айында №17 мектептің 9 сынып оқушыларына экскурсия өткізілді.
Оқушыларға Саран қаласының архив мекемесінің құрылғаны туралы тарихы, сақтауда тұрған қорлардың құрылуы және көлемі туралы негізгі жұмыстарымен таныстырылды. Экскурсия күні архив қоймасы көрсетілді. Оқушыларға 1934 – 1936 жылдардағы латын әріпіндегі құжаттары ерекше қызығушылық туғызды.