2019 жылғы 06 мамырда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ХҚКО Қарағанды облысы бойынша Саран қаласының бөлімінде қызметкерлер үшін "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері және архивтік үзінділер беру "мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі" тақырыбында семинар – практикум өткізілді. Мамандар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 133 бұйрығымен бекітілген « Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер енгізумен танысты.
      Семинардың екінші бөлімі операциялық залда өтті. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы түсушілердің өтінішін толтыруға тәжірибелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар мәлімдемелерде жиі қайталанатын қателіктер қаралды.