«Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» атты дөңгелек үстел өтті. Архив басшысы А.Кулжанбеков іс шараның мақсаты Қазақстан тарихында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының алатын орны мен рөлі, Тәуелсіздікпен өзара байланысы, желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға құрмет, осы оқиға кезінде қаза болғандарды еске алу, жастарда азаматтық позициямен сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу жөнінде баяндама оқыды.

Архив қызметкерлері Г.К.Киикова, М.Г.Амансарина, А.Карнай, Е.А.Пехтерева, М.Р.Оралбаева сол кездегі желтоқсанға қатысқан және куәгерлері болған жастар туралы әдебиеттік өлеңдер оқыды.

Осы тақырыпта А.З.Уалибекова жиналғандар назарына кітап көрмесін ұйымдастырып, «Желтоқсан тағылымы» атты бейнеролик көрсетті. Іс-шара соңында сұрақтар қойылып, қонымды жауаптар алынды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!