2021 жылы 7 қыркүйек күні «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ қызметкерлеріне 2021 жылғы 01 қыркүйегінде жолданған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты бейне Жолдауы тыңдалып, дөңгелек үстел өткізілді. Жоғары санатты архивші А.З.Уалибекова ҚР Президент Жолдауына байланысты баяндама оқып, өз ойларын ортаға сала отырып, негізгі 5 бастамаға тоқталып өтті.

 Дәрі-дәрмек өндірісін ұлғайту, жалақының көтерілуі, заманауи цифрлық технологияларды енгізу мақсатында жоғары санатты IT мамандықтарын әзірлеу керектігін, т.б. .ондағы көтерілген барлық мәселелерді өзара талқыға салды. Мекеме басшысы А.Кулжанбеков биылғы Жолдауда Президентіміздің 2022 жылдан 2025 жылдар аралығында архившілердің жалақысын жыл сайынғы орта есеппен 20 пайызға өсіруі қуантарлық жағдай екенінін атап өтті. Жиынға қатысушылар Жолдауда айтылған мәселелер біртіндеп жүзеге асырылып, халықтың шынайы игілігіне айналатынына сенімдіміз деп түйіндеді.