2021 жылғы 13 желтоқсанда «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ-де Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 жыл! 30 асу! 30 белес!» атты дөңгелек үстел өткізілді. Архив басшысы А.Кулжанбеков «30 жыл! 30 асу! 30 белес!» атты тақырыпта архивтің жас кадрларларына Қазақстан тарихында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының алатын орны мен рөлі, Тәуелсіздікпен өзара байланысы, желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға құрмет, осы оқиға кезінде қаза болғандарды еске алу, жастарда азаматтық позициямен сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу жөнінде баяндама оқыды.

Осы тақырыпта «Желтоқсан тағылымы» атты бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңында сұрақтар қойылып, қонымды жауаптар алынды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!