2016 жылдың 10 ақпанында «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ –де  Саран қаласының  № 7 орта мектептің 7 сынып оқушыларына  жалпы мемлекеттік мұрағатты таныстыру мақсатында экскурсия өткізілді.

ҰАҚ  қалыптастыру және ведомстваларды қадағалау бөлім басшысы М.Н.Әмірхан мен Мемлекеттік қызмет көрсету бөлім бастығы О.С.Алексеева  оқушыларға архивтік  сақталымға құжаттардың қайдан келіп түсетінін, архивтегі  сақталымдағы құжаттардың жалпы санын, мемлекеттік архив жұмысының мақсаты туралы айтып өтті. Экскурсия барысында оқушылар архив қоймаларына қойылатын талаптар туралы, қойма ішіндегі ылғалдылығының, санитарлық-гигиеналық режим нормаларымен, құжаттарды электронды форматқа ауыстыру туралы жұмыстарымен танысты. Оқушылар тарапынан әр түрлі сұрақтар туындап, оларға лайықты жауаптар берілді.