2020 жылдың 04 ақпан айында «Саран қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің медиа – жоспарына байланысты «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылып өткізілді.

    Бұл іс шараға Саран қаласы прокурорының орынбасары Рахатов Рақымжан Көшкінбайұлы мен қызметкерлер қатысты. Дөңгелек үстелді таныстыруда алғы сөзді архив басшысы Айдын Кулжанбеков алды.

      Кездесу барасында Саран қаласының прокурорының орынбасары Рахатов Рақымжан Көшкінбайұлы Саран қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыс барысы жайында және қаламызда орын алып отырған сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысқаша шолу - баяндама жасады. Қатысушылар өздерінің тараптарынан сыбайлас жемқорлыққа байланысты көптеген өзекті сұрақтарын қойып, оларға толықтай, мағыналы жауаптар алды.

     Сол себепті де архивте құқықтық мәдениетті одан әрі арттыру, түсіндіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнінде көптеген шаралар ұйымдастырылып келеді.