2020  жылғы  20  қараша  айында  «Саран  қаласының  мемлекеттік  архиві»  КММ –нің басшысы  Айдын  Кулжанбеков  Архивтің жеке  және  заңды  тұлғалардың  сұрау  салуларымен жұмысы  туралы мәселе  бойынша  жиналыс  өткізді.

   

      Жиналыста  2020  жылғы  17  қараша  айында  Қарағанды  облысының  мәдениет  архивтер  және  құжаттама  басқармасында  өткен   «Архивтік  анықтамаларды, архивтік  құжаттардың  көшірмелерін  немесе  архивтік үзінділерді беру»  мемлекеттік  қызметі  бойынша өзекті  мәселелер»  тақырыбында  талқыланды.

   Семинарға  қатысушы  санатсыз  архивші  Амансарина  Молдир  Галымжановна   Қарағанды  облысына  қарасты  архив  мекемелерінде  ХҚКО,  Egov.kz, келіп – түскен   сұраныстары  бойынша  , архивтің  жалпы  жұмыстарынан  кеткен  кемшіліктерін  атап  өтті.
      Сонымен  қатар, мекеменің  қызметкерлеріне  семинар  барысында  айтылған  мемлекеттік  қызмет  көрсетуде  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін  орындау барысында кездесетін  өзекті   мәселелері  бойынша  түсіндірме  жұмыстарын  жүргізіліп  кеңінен  айтылды.
        Жиналысты  қортындылай келе, архив  басшысы  Айдын  Кулжанбеков  әрбір сұраныстың артында адам тағдыры тұрғандығын және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің халық үшін қолжетімді болуы, оның сапалы орындалуы, атқарылып отырған жұмыстардың жариялығы мемлекет тарапынан қойылып отырған басты талаптардың бірі  екендігін  айтып  өтті.