"Саран қаласының мемлекеттік мұрағаты" КММ жеке тектік құжаттарды қабылдауды жүргізеді. Архивте Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Саран қаласының құрметті азаматтарының қорлары қалыптастырылып, сақталуда.

     Бұл құжаттар тарих үшін сөзсіз құндылық болып табылады, өйткені ел тарихы – халықтың өмірі. Ғасырлар өтіп, тірі қалған хаттар, жеке құжаттар мен фотосуреттер арқылы біздің ұрпақтарымыз не болғанын, не армандағанымызды, не істегенімізді біледі.

Егер сіздің үйіңізде қызықты жеке хат алмасулар (Ұлы Отан соғысы, соғыстан кейінгі жылдар, біздің әскерлерімізді Ауғанстанға енгізу кезеңі, қайта құру кезеңі және т.б.), Сіздің отбасыңыздың тарихы көрініс тапқан құжаттар, фотосуреттер болса, оларды Саран мемлекеттік мұрағатына сақтауға тапсыруыңызды сұраймыз. Біз сізден құжаттарды көпшілік алдында пайдалануға шектеулер қоюға болатын құжаттарды қабылдаймыз. Мұрағат сіздің құжаттарыңыздың сақталуына кепілдік береді. Біздің үндеуімізге сіздердің пікірлеріңізді күтеміз.

Бізбен мына телефон арқылы байланысуға болады: 8-72-137-3-12-43