2022 жылғы 12 сәуір айында «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ –нің жұмыс жоспарына сәйкес, Саран қалалық Прокуратурасының прокурорының орынбасары кіші әділет кеңесшісі Бегаев Батырлан Тлеуович, Саран қаласының «Amanat» партиясы филиалының хатшысы Тәжібаева Нургул Сабитовна, Саран қаласының «Amanat» партиясының филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Шаяхмет Қайрат Ульгелиевич, қалалық мәслихат депутаты Жаяубаев Жанбол Карымсакович және бұқаралық ақпарат құрал өкілі Саран газетінің тілшісі Косшигулов Шапағат Шарапатовичтің қатысуымен қызметкерлердің арасында сыбайластықтың алдын алу, оны болдырмау мақсатында құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізу бағытында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 Жиынды архив басшысы Айдын Кулжанбеков ашып келген қонақтармен таныстырып, сөз Саран қалалық Прокуратурасының прокурорының орынбасары кіші әділет кеңесшісі Бегаев Батырлан Тлеуовичке беріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылады.

«Amanat» партиясының қалалық филиалының хатшысы Тәжібаева Нургул Сабитовна сұрақтар қойды. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді жолдары жан-жақты қарастырылып, мамандар тарапынан кейбір заңнамаларға қатысты қойылған сауалдарға жауап берілді.