Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ-нің 2021 жылға арналған жылдық жоспар бойынша архив қызметінің дамытудың негізгі бағыттары мен нәтижелерінің көрсеткіштерін орындау мақсатында біраз жұмыстар атқарды.     Есептік кезеңдегі Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында қағаз негізіндегі 660 істің 34555 парағы реставрацияланды, 331 сақтау бірлігі тігілді. Сонымен қатар, жеке құрам бойынша -497 сақтау бірлігіне физикалық-химиялық және техникалық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Қорлардың қалыптасуына орай  басқарушылық – 37 сақтау бірлігі, фотоқұжаттар-6, бейне құжат -1 сақтау есебі, жеке құрам бойынша -41 сақтау бірлігі мемлекеттік сақтауға архив мекемеіне қабылданды. Облыстық басқарманың СТК-дан  жеке құрам бойынша -41 сақтау бірлігі, фотоқұжат - 4, бейнеқұжат -1 сақтау есебі бекітіліп архив қорының құрамына енгізілді. 2021 жылы қор каталогының есепке алу мәліметтері мен архив құрамының көлемі мен төлқұжаты бойынша 234- қор, оның ішінде басқарушылық -32053 сақ.бір, жеке тектік қор бойынша - 269 сақ.бір, жеке құрам бойынша - 84360 сақ.бір, фотоқұжат-54 сақ.бір, бейнеқұжат – 11 сақтау есебі бойынша жалпы – 116747 құжат сақталуда.

 

 

Мекемеге 2021жылы «Электрондық архив» АЖ  ақпараттық кешенді жабдығы мен арнайы сканер құрылғыларына  жаңа  бағдарлама  сатып  алынды. 2021  жылдан  бастап аса құнды құжаттардың есебінен 71 - іс,  431-құжат, 8312 - парағы  цифрлық  форматқа  көшіріліп  жұмысын  жалғастыруда.Сонымен қатар, архив мекемесі өз қызметін автоматтандыру мақсатында, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаны енгізуіне байланысты, цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сапасын жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасының «Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві» («Е-архив») ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстарын бастады. Оның ішінде әлеуеттік көздері болып табылатын -33 мекеме, 233- қор, 578- тізімдемесі енгізілді.   Сонымен қатар, ақпараттық іс шараларды өткізуде 4- семинар, 5- дөңгелек үстел,1- кездесу, 2-көрме,, 3- теле бағдарлама, 1-презентация, 2- сабақ, электронды  түрде  -3 буклет,  қағаз  негізінде -  2  буклет  дайындалып  шығарылды. БАҚ-қа облыстық, қалалық газетеріне
5- мақала шығарылды. Архив әлеуетті толықтыру дереккөзі болып табылатын мекемелер мен ұйымдардың 38- істер номекнклатурасына әдістемелік және тәжірбиелік көмек көрсетіліп, бекітілді.

Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану жұмыстары бойынша 2021 жылғы қаңтардан 20 желтоқсан аралығында 2693 сұраныс  келіп  түсіп, 
 2288-  сұранысына  оң  жауаппен  орындалып мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: ХҚКО арқылы – 158 сұраныс,- Egov арқылы-1872 сұраныс,– қағаз тасығышта-663 сұраныс орындалды, оның ішінде: (жеке тұлғаларға – 235 сұраныс, заңды тұлғаларға – 428 сұраныс), ТМД -479 сұраныстар  орындалды.

 

Архив жұмысындағы негізгі бағыттарының бірі - жеке және заңды тұлғалардан түсетін әлеуметтік – құқықтық, тақырыптық өтініш сұраныстарға жауап береді. Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша архивтік анықтамалардың нәтижесін беру, қызмет алушы мемлекеттік архивтің кеңсесіне тікелей жүгінген кезде, Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы құжаттарды тапсырған сәттен бастап , 11 (он бір) жұмыс күн ішінде беріледі. Келіп түсетін өтініштердің басым көпшілігі зейнеткерлікке шығу үшін қызмет жолы туралы еңбек өтілін анықтауда, еңбекақыны есептеу, және жер бөлу туралы шешімдердің көшірмесін алу мақсатында, т.б. өтініштер тек Қазақстанда ғана емес , жақын және алыс шет елдерден де түсіп жатады. Қазіргі  кезде  архив  мекемесі  Бірыңғай  электрондық  архив бойынша  «Архивтік  анықтама» модулімен  сұраныстарды  тіркеу  жұмыстарын  бастады.

«Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі сапалы болу және уақытылы қызмет көрсету мақсатында, ХҚКО-мен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету бойынша - 4 семинар өткізілді. «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрышы мен  www.egov.kz арқылы  жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, «Архивтік анықтамаларды беру» ақпараты бойынша  бейнеролик, оқыту, жұмыстары жасалып, инстаграмм, Facebook ресми парақшасына орналастырылды.

Осы жылғы achivsaran.kz ақпараттық сайтында -9162 қаралым болып, үнемі хабарламалармен, мақалалармен, фотосуреттермен толықтырылып, сондай – ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілерде тұрақты түрде ақпарат жаңартылып тұрады. Архив қоймасындағы құжаттарын пайдаланушыларға 11764  құжат берілген.
2021 жылы  облыстық  бюджетінен  Саран  қаласының  мемлекеттік  архивіне
33 млн 795 мың теңге қаржы бөлінді. Оның іщінде қызметкерлердің еңбек ақы жалақысына – 21 млн 561, 3 мың теңге, қалған 8 млн 733, 7 мың теңге коммуналдық қызметтерге, т.б. қызметтерге жұмсалды. Материалдық техникалық базаны нығайтуға және Рухани жаңғыру «Цифрлы  Қазақстан» бағдарламасы аясында
қосымша облыстық бюджеттен «Arch Solution» бағдарламасына 3 млн 500 мың тенге  қаражат бөлінді. Бөлінген қаржылар дер кезінде игерілді.   

Архив қызметкерлері архив қызметінің барлық бағыттары бойынша белсенді жұмыстар атқаруда. Архив қызметі саласында ел игілігі үшін жасалатын жұмыстар алдағы уақытта жылдық  жоспарға сай жалғаса бермек.

САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» 
КММ – НІҢ БАСШЫСЫ АЙДЫН КУЛЖАНБЕКОВ