1924 жылы туған. Әкесі Қазақ Совет   энцоклопедиясының   алтыншы томынан , оның 580-581 беттерінен  
орын алған, халқының аяулы ардақты азаматы Тәттіғали Қожановтың 
тұла бойы тұңғышы, оның төрт баласының үлкені. Тәттіғали Қожанов болса  бірінші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты , ойранды 1938-1939 жылдары Қазақ ҚСР жер халық комиссиары, ал оның алдында Алматы облыстық Кеңес атқару комитетінің төрағасы болып және басқа жауапты партия, кеңес қызметтерінде  істеген, Қазақстандағы социалистік құрлысқа белсене қатысушы,1920 жылдан Коммунистік партиясының мүшесі еді. 1941 жылы Хабаровск өлкесінде небәрі 43 жасында  қыршыннан қиылып, нақақтан сол жылдардағы қуғын – сүргіннің, қырып жоюдың құрбаны болып кеткен болатын.
     Ел құрметіне бөленген әкесі ойранды жылдардың орынсыз жазасына ілігіп, мерт болған шақта, Жанғали өзі туып өскен Қаратөбе ауданында (Орал облысы) орта мектепте оқып жүрген шағында 17 жаста еді, Ұлы Отан соғысы басталып, Қызыл Армия қатарына аттанады. Уфа қаласындағы 15-ші запастағы полкта кіші  командирлер даярлайтын курста  7-8 ай оқып, сержант атағын алып, автоматшылар бөлімшесінің командирлері болып тағайындалады., бірден қан майданға араласып кетеді. Алғашқы ұрыс Спаск –Деменск қаласының түбінде 1943 жылдың желтоқсан айында өтті.Жау тылына барлаушы ретінде он екінші жорық жасаған  болатын. Белоруссия жерін поляк қаласы Августованы азат ету үшін болған қанды шайқастарда көрсеткен көзсіз ерлігі мен тапқырлығы үшін үшінші дәрежелі «Даңқ орденімен», Қызыл Жұлдыз орденімен марапаталғанды. Бұл кезде оның омырауында  «Үздік барлаушы значогі» жарқырайтын.1944 жылдың ақпан айында «тіл» алу ұрыстарына ол қатты жарақаттанады жау снаряды сол аяғын күл паршасын шығарып кеткен еді. Жанғали соғыстан соңғы өткен уақыт ішінде көп іс тындырды.Саран қаласының қалалық финанс  бөлімінің бастығы болып істеді., «Үздік финанс қызметкері» значогі берілді. Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі қалалық бөлім бастығы болды. Қырық бес жылдан астам Ұлы Отан соғысының мүгедегі атанып, өзінің соңғы жылдары «Өмір – деген күрес» атты кітабын жазды. Саран қаласының құрметті азаматы болғандықтан, Саран қаласының әкімінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 94- ші қаулысымен Карл Маркс көшесін, Жанғали Тәттіғалиұлы Қожановтың атына берілді. Соғыс ардагерінің айтуы бойынша  Ж.Т. Қожановтың соғыс кезіндегі тұпнұсқа көптеген  құжаттары Ленинград қаласының музейіне сұратылғандықтан берілген және қолында қалған құжаттары  осы ғана.