Татулық пен тұрақтылық–тыныштық тұғыры.

Міне, шырайлы көктемнің жайма шуақ әдемі кезінде 1-мамыр күні жалпы халықтық мейрамға арналған.»Ел бірлігі - ең асыл қасиет» деп елбасымыз Н.Назарбаев қазақ халқының береке – бірлігін танытатын мерейлі мерекеде бірлік пен тірлікке шақырған. Біз тыныштық арқылы тұрақтылыққа, татулық арқылы тұтастыққа қол жеткіздік.Бірлесіп қана,бүкіл халықтың күш- жігерін біріктіріп қана алға баса аламыз. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығымен тыныштығы ең басты назарда. Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті.Бұл мереке әрқайсымыз үшін ерекше қымбат.Ол біздің миллиондаған отандасымыздың жүрегінен жол тапқан халқымыздың тамаша рухани дәстүріне айналды. Біздің көпэтносты қоғамымызды біріктіретін,«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының арқауы – туған жерге деген патриотизм мен сенім, достық пен махаббат сияқты мызғымас құндылықтар.»Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің бірегей еуразиялық үлгісі болады»,- деп атап көрсеткен болатын Елбасы. Біздің Конституциямыз мемлекет пен қоғамның даусыз дамуына кепілдік беріп, ұлтына қарамастан еліміздің азаматтарына ертеңгі күнге деген  сенім ұялатып оларды Қазақстан патриоттығы сезіміне тәрбиеленді. Көпұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.Береке мен бірліктің туы желбіріп, еңбек пен достықтың күйін шертетін ғажайып мезгілді.Саран жұртшылығыда асыға күтеді. Саран қаласының мұрағатында  әр түрлі өкілдер жұмыс істеп жатыр,олардың басты назары біздің құндылығымыз-тілімізді,салт-дәстүрімізді үйрену және бір-бірімен татулық пен тұрақтылық болу.Саран қаласы да этносаралық татулық мықты сақтаған көрнекті қала .Біздің Саран қаласында  этномәдение бірлестік орталығы бар,олар;1.«Жас Отау» этномәдени орталығы:2.«Роосиянка » славяндық этномәдени орталығы:3. «Ақшаңырақ » этномәдени орталығы:4.«Видергербурд»  неміс орталығының филиалы. Басқа ұлт –өкілдері жылда әр шаңыраққа шаттық қонған, ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырған мейрам ретінде бағаланып, ұлттық құндылықтарымыздың қадір –қасиеттері ұлықталады. Халықтың ерлігі –еңбекте, бақыты-бауырмалдығында, жасампаздығы –жарқын істерінде.

 Бәрімізге ортақ Отан-Қазақстан Республикасын өркендету үшін берекелі жерде біздің және ұрпағымыздың бейбітшілікте, достық пен татулықта өмір сүру дегенді білдіреді. Жұдырықтай жұмылған достығымен бірлігінің арқасында күн шапағы аймалаған ,үлкен ашық аспандай көгілдір шаңырақтың астында сүттей ұйыған қаншама  ұлт- ұлыс өмір сүруде.Біздің тағдырымыз ортақ. Ол ортақ Отанымыз – Қазақстанның тағдырымен байланысты.Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біз үшін ұлтаралық бірліктің баға жетпес құндылық  және стратегиялық таңдау болып қалатынын айтумен келеді. Қазақстан –бүгінде бай республика, оның басты да мызғымас байлығы – халықтар достығының жемісі.Осы айтулы мерекеде сіздердің жүректеріңізге еліміз үшін ыстық сезім ұяласын!Ортақ Отанымыз - Қазақстан өсіп-өркендей берсін!Халқымыздың бірлігі жарасып, Мәңгілік Елдің жұлдызы жана  берсін!

«Саран қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің

Ұлттық архив қорын қалыптастыру және ведомстваларды қадағалау бөлімі басшысы –М.Н Әмірхан