Шаймарданов  Масұғұт 1936 жылы туған, білімі жоғары, қазақ.
Шаймарданов Масұғұт еңбек жолын 1959 жылы «Саранкөмір» тресінің № 106 шахтасының тау-кен шебері лауазымынан бастады. Одан кейін учаске бастығының орынбасары, бас инженердің көмекшісі болып тағайындалды. 2007 жылы «Соқыр» шахтасының шахта комитетінің төрағасы болып сайланды. 1974 жылдан 1981 жылға дейін партиялық жұмыста болды: «Саран» шахтасының партия ұйымының хатшысы, Қазақстан Компартиясының Саран қалкомының екінші және бірінші хатшысы болып сайланды. Саран қаласын салуға және абаттандыруға көп күш жұмсады. М. Шаймардановтың тікелей қатысуымен РТБ зауыты және тұрғын ықшам аудан салынды.
1981 жылы облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1981 жылғы қарашадан 1986 жылғы желтоқсанға дейін облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы болып сайланды. Сарқылмас күш-қуат және жұмысқа қабілеттілік  М. Шаймардановтан осы лауазымда көп нәрсе істеуге мүмкіндік берді. Осы жылдар ішінде кәсіподақ курстары ашылды, Ғылым және техника үйі, Тельман ауданында пионер лагері, Қарқаралыда «Каскад» санаторийі, Теміртау, Шахтинск, Қарағанды қалаларында санаторий-емдеу орындары  салынды.1986 жылғы желтоқсаннан 1991 жылғы қаңтарға дейін Қарағанды облыстық халықтық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Жұмыс істеген кезінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.1991 жылғы қаңтардан мұрағат қызметінде жұмыс істеген.
Мұрағаттар және құжаттама бөлімінің меңгерушісі лауазымында жұмыс істеген кездерінде өзін сауатты, ынталы басшы ретінде көрсете білді.  
       М. Шаймардановтың жігері мен талабының арқасында қазір облыстың мұрағат мекемелері Орталық Қазақстанда мұрағат ісін дамытуда үлкен рөл атқарады. 1996 жылы АҚШ ақпараттық агенттігінің   шақыруы бойынша М. Шаймарданов Америка құрама штатында болған және АҚШ мұрағат ісін ұйымдастырумен танысты.
1993 жылы Қытайда  Мұрағатшылардың  халықаралық  конгресіне қатысты.М. Шаймарданов облыстың мұрағат мекемелерін  материалдық жабдықтау мәселелеріне аса көңіл аударды, 1991 жылдан бастап мұрағаттар компьютерлермен, кеңсе техникаларымен тұрақты жабдықтала бастады.      М. Шаймарданов облыстың және қаланың қоғамдық өміріне баға жетпес үлес қосты. Ол бірнеше рет облыстық сайлау комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. Қазіргі уақытта «АСАР» партиясының жұмысына белсене қатысады.  
көп жылғы және жемісті еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен, көп медалдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Шаймарданов Масұғұт өте жақсы отағасы, әке және ата.