2018 жылы "Саран қаласының мемлекеттік архиві" КММ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Саран қаласының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен бірлесіп "Архивтік анықтама беру"мемлекеттік қызметін алу мәселелері бойынша семинар өткізілді. Бөлім басшысы баламалы негізде "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша істердің жағдайы туралы хабардар етті.

Семинар барысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және портал арқылы 2018 жылдың 6 айында "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі талқыланды, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы теріс өтініштер бойынша сұраныстарды талдау мемлекеттік архивпен еңбек кітапшаларындағы мәліметтерді қандай себеппен растауға болмайды.

Сондай-ақ, еңбек өтілін, жалақысын растау үшін еңбек көшірмесі не үшін қажет екендігі түсіндірілді. Бұдан әрі мемлекеттік қызметтер порталын пайдаланудың артықшылықтары туралы мәселе қаралды. Электрондық үкімет порталы арқылы өтініш берген кезде қысқа мерзімде және кезексіз Архив анықтамасын алуға болады. Аталған семинар өте нәтижелі болды, өйткені жұмыс барысында туындайтын даулы мәселелер қызмет алушылардың өтініштерінің нақты мысалдарында талқыланды.