2019 жылғы 23 қазанда "Саран қаласының мемлекеттік мұрағаты" КММ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Саран қаласының Халыққа қызмет көрсету бөлімімен бірлескен семинар өткізілді.

Семинардың бірінші бөлімінде архив қызметкерлеріне "Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына оқыту жүргізілді, сондай-ақ архив қызметкерлеріне Telegram EgovKzBot мобильді қосымшасының жұмысы туралы ақпарат берілді.

Бұдан әрі семинардың екінші бөлімінде "Архивтік анықтамалар, архивтік  құжаттардың көшірмелері мен мұрағаттық үзінділер беру" мемлекеттік қызмет көрсету кезінде туындайтын негізгі мәселелер талқыланды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін ұйымның толық атауын, орнын ауыстыруды, тегін өзгертуді көрсете отырып, сауалнама-өтінішті дұрыс толтыру қажет.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасты.