2020 жылдың 17 қаңтарында "Саран қаласының мемлекеттік архиві" КММ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Саран қалалық бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы - О.С. Алексеева, архивист – М. Г. Амансарина "Архивтік анықтамаларды, архивтіктік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру"тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын, уақтылығын жақсарту бойынша сұрақтар, ұсыныстар бірлесіп қаралды. Сұрау салуға қатысты ақпаратты егжей-тегжейлі баяндай отырып, өтініштерді қабылдау. Өтініштерде дұрыс ақпаратты көрсету. Сондай-ақ, мәлімдемелердегі жиі қайталанатын қателер қарастырылды. ХҚО қызметкерлерінің артық құжаттарды талап етуін болдырмау, сондай-ақ қатаң бекітілген стандартты басшылыққа алу бойынша әңгіме жүргізілді.