Жаңа 2021 жылдың келуімен Саран қаласының архиві "Архивтік анықтамаларын, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызметін көрсету мақсатында 2021 жылғы 13 қаңтарда түсіндіру сипатындағы бірлескен семинар өткізді. Семинар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Саран қалалық бөлімінде жоспарланып өткізілді. Күн тәртібінде "Мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін немесе мұрағаттық үзінділерді беру" мемлекеттік қызметі бойынша проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары қаралды. Семинарға Халыққа қызмет көрсету орталығының 7 маманы (конэкшн аймағының мамандары, кеңес беру және жинақтаушы) қатысып, хаттама толтырылды.