2025 жылғы 29 сәуірде Саран қаласының мемлекеттік архивінде қаланың Құрметті азаматы Токушева Жұмабике Мұхаметжарқызының жеке тектік қорының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Саран қалалық мәслихатының төрағасы
Ө.З. Баймағанбетов, Шахтинск қалалық мемлекеттік архивінің басшысы Б.Ш. Қуанышев, сондай-ақ Саран қаласының Құрметті азаматтары Ж.А. Ашимов, А.К. Хайруллина және М. Саликов, №7 мектеп-интернатының оқушылары қатысты.