Әбікенов Қабдрахман Әбікенұлы 1930 жылы туған. Еңбек  жолын  Киров  атындағы Қазақ  мемлекеттік университетін аяқтағаннан кейін 1956 жылғы 1 қыркүйектен Саран гуманитарлы – техникалық колледжінен бастады.
1976 жылғы қыркүйектен 1997 жылғы ақпанға дейін осы оқу орнының директоры болып жұмыс істеді.
     Қабдрахман Әбікенұлы Әбікенов оқу орнының директоры болып жұмыс істей отырып, облыстың жалпы білім беретін  мектептеріне мамандар дайындауға аса назар аударды. Оқу мекемесінің ұжымы облыстық, республикалық және бүкілодақтық жарыстарда бірнеше рет жеңімпаз болды, бірнеше рет облыстық  Құрмет  тақтасына  енгізілді.  
Қабдрахман  Әбікенұлы  Әбікенов 1976 жылы Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын сырттай аяқтады.Мұғалім кадрларын дайындаудағы қол жеткізгін жетістіктері үшін оған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі» Құрметті атағы берілді, ол Саран қаласының Құрметті азаматы болып табылады, Қазақ КСР және КСРО ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.  
Қабдрахман Әбікенұлы  Әбікенов бір ұжымда үздіксіз 46 жыл жұмыс  істеді, құрметке ие және жоғары тұрған ұйымдар тарапынан ешқандай ескерту болған жоқ, 1998 жылдан  аудармашы болып жұмыс  істеді.