Дрижд Николай Александрович  1927 жылы 29 желтоқсанда туған.1944 жылы бір мезгілде № 19 шахтада тау-кен шебері, учаске бастығының көмекшісі болып жұмыс істей отырып тау-кен техникумына оқуға түскен. 1948 жылы бір мезгілде тау-кен шебері, учаске бастығының көмекшісі, Донецк облысы Енакиево қаласының «Орджоникидзекөмір» тресінің «Юнком» шахтасы учаскесінің бастығы болып жұмыс істей отырып Днепропетров тау-кен институтына түсті және оны 1953 жылы үздік бағамен аяқтады. Институтты бітіргеннен кейін 1953 жылы «ВостСибкөмір» комбинатына жұмысқа жіберілді, «Черемховкөмір» комбинатына жіберілді, Киров атындағы шахтаның учаске бастығы, бас инженердің орынбасары болып жұмыс істеді.1953 жылы  «Қарағандыкөмір» комбинатына № 37 шахтаның учаске бастығы болып жіберілді, 1955-1963 жылдар кезеңінде № 101 «Соқыр» шахтасының бас инженері, «Саранкөмір» тресінің  № 120 шахтасының бастығы, «Саранкөмір» тресінің басқарушысы болып жұмыс істеді.1963 жылдан 1976 жылға дейін № 3 Ленин атындағы шахтаның директоры болып жұмыс істеді.1976 жылдан1989 жылға дейін «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің бас директоры болды. 1989 жылдан  осы уақытқа дейін ҚарМТУ ӨПКЗ  кафедрасының профессоры болып жұмыс
 істейді.
      1989 жылы докторлық  диссертация қорғады, 55 авторлық куәлігі, 120 баспа жұмыстары бар.
ҚР құрметті кеншісі, Қарағанды, Шахтинск, Саран қалаларының Құрметті азаматы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты, Ленин, Еңбек Қызыл ту орденімен екі рет, Құрмет белгісімен, 10 медалімен марапатталды, «Кеншілер даңқы» белгісінің толық кавалері.