Куленко Андрей Иосифович – Саран қаласының байырғы тұрғыны. Ол қаланың білім беруін дамытуға зор шығармашылық үлес қосты. 1956 жылы Алматы Қазақ Мемлекеттік Университетін үздік бағамен аяқтап жолдама бойынша Қарағанды ОблХББ  келді. Керемет  білімі  ғана  емес,  сонымен қатар өмірлік тәжірибесі бар (31 жас, 7 жыл мерзімді әскери  қызмет) жас  маман  жас жаңа  салынып жатқан Саран қаласының жалғыз орта мектебінің директоры болып тағайындалады.

Оның басшылығымен мектептің педагогикалық ұжымы оқу-тәрбие үдерісіне ғылыми-психологиялық теория енгізді. Мектептің атағы жылдан-жылға арта берді, мұғалімдер өздерінің педагогикалық шеберліктерімен даңққа ие болды, оқушылар терең және мықты білім алды .1960 жылғы 15 қаңтарда мектеп ісін жақсы білетін озық ұжымының тәжірибелі басшысы ретінде шығармашылық  адамы,  бастамашыл А. И. Куленконың лауазымы жоғарылайды және ол Саран ҚалХББ  меңгерушісі  болып  тағайындалады. Ол мектеп, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер жүйесін кеңейтумен, олардың материалдық-техникалық базасын жақсартумен, педагогикалық кадрларды жинақтаумен айналысты.